Екі жыл бұрын бауырынан айырылған ақтөбелік әділдік іздеп жүр
2024 жылы 21 тамызда полиция қызметкерлері мас күйіндегі адамды соққыға жыққан. Бұл туралы бауыры редакциямызға келіп, шағымын айтты. Бауырының есімі - Әсел. Жәбірленуші - Әсет Төлегенұлы. 1982 жылы дүниеге келген. Әйел адамның айтуынша, оқиға қаланың Орталық базары маңында полиция қызметкерлері мас күйіндегі ағасын күштеп бейімдеу орталығына апармақ болған. Ал оны көліктің ішінде ұрып-соққан. Салдарынан жігіттің қабырғасы сынып, ауыр жарақат алған. Бейімдеу орталығына қансырап жеткізілген ер адамды орталық қызметкерлері қабылдаудан бас тартқан. Осыдан кейін ер адам көшеде жалғыз қалып, біраз жерді жаяу жүріп өтеді. Жолда қан жоғалтып, есінен танып құлаған. Оны кездейсоқ өтіп бара жатқан адам көріп, жедел жәрдем шақырыпты. Қарындасының сөзінше, дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткен. Бірақ науқас ауруханада толық ем қабылдамаған. Бірнеше күннен кейін жағдай қайта ушығып, ер адам тағы да соққыға жығылған. Бұл жолы оған психикалық есепте тұрған адам тиіскен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс бірнеше рет қозғалғанымен, кейін "қылмыс құрамы жоқ" деген негізбен тоқтатылған. Сондай-ақ, сараптама жүргізу барысында бірқатар күмәнді жайттар туындағаны айтылуда. Қазіргі таңда марқұмның туыстары істі қайта қарауды талап етіп, түрлі инстанцияларға жүгініп жүр. Ал облыстық ПД айтуынша, қала тұрғынының қайтыс болу дерегі бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы толық әрі объективті зерттеліп, тиісті сараптамалар жасалды дейді олар. Нәтижесінде сот-медициналық сарапшының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмапты. Мамандардың сөзінше, осыған байланысты тергеу барысында сот-медициналық сарапшының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқ екені анықталып, қылмыстық іс қадағалаушы органның келісімімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес тоқтатылған.Количество показов: 11
Дата создания: 03.04.2026 07:55:45



















