Екі цистерна «Көңіл көтеретін газ» тәркіленді
«Көңіл көтеретін газдың» ірі партиясы тәркіленді. Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы кешенді шараларды жалғастырып келеді. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қойма аумағынан екі жүк цистернасы мен 1033 баллон азот тотығын анықтап, тәркіледі. Тергеу дерегіне сәйкес, аталған заттар Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағына жеткізілген. Мамандар азот тотығының заңсыз қолданылуы адам денсаулығына ауыр зиян келтіретінін ескертеді. Соңғы жылдары бұл зат жастар арасында «көңіл көтеретін газ» атауымен таралып, қауіпті үрдіске айналған. Еске сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Полиция мұндай әрекеттер шекарадан бастап, соңғы тұтынушыға дейінгі барлық кезеңде қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді. Ведомство азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда екенін және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.Количество показов: 7
Дата создания: 12.02.2026 04:03:45



















