«Егіз мұнараның» құлаған күні
Бұл - 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте әлем тарихын өзгерткен ірі теракт. American Airlines ұшағы таңғы сағат 8.46-да Нью-Йорк қаласындағы Солтүстік мұнараға соғылады. Көп ұзамай United Airlines әуе кемесі Оңтүстік мұнараға, үшінші ұшақ Вашингтондағы Пентагон ғимаратына құлады. Ал, төртінші ұшақты Ақ үйге немесе Конгресске жіберуді ойластырған лаңкестерге ұшақтағы жолаушылар тосқауыл болған. Осылайша жолаушылар ұшағы басқарудан жаңылып, Пенсильвания маңында апатқа ұшырады. Оңтүстік мұнара соққыдан кейін 56 минуттан соң құлады. Ал, Солтүстік мұнара 1 сағат 42 минутта жермен жексен болды. Бұл шабуылды «Әл-Каида» ұйымының жетекшісі Усама бен Ладен және оның серіктері бірнеше жыл бойы дайындаған. Негізгі орындаушылардың көпшілігі Сауд Арабиясынан шыққан, сонымен қатар Мысыр, Ливан және БАӘ азаматтары болған. 19 террорист АҚШ-қа студенттік және туристік визамен заңды түрде кірген. Кейбіреулері ұшқыштық курстарға қатысып, әуе кемесін басқаруды үйренген. Құрбандар саны 3 мыңға жуықтады. Құтқарушылар арасында жүздеген адам қаза тапты. Көпшілігі өртті сөндіріп, адамдарды құтқарып жатқан кезде мұнаралар құлаған. 24 жыл болған ірі террористік оқиға ақтөбеліктердің есінде ме? "Егіз мұнараның" құлаған күні АҚШ ішінде де, әлемде де біршама өзгерістер басталды. Сол жылы Америкада Ішкі қауіпсіздік департаменті құрылды. Әуежайларда жаңа қауіпсіздік жүйелері енгізілді. Ал, әлемдік деңгейде 2001 ж. қазанда – АҚШ пен одақтастары Ауғанстанға басып кірді. Кейін бұл оқиға Ирактағы соғысқа да саяси негіз ретінде пайдаланылды. «Терроризмге қарсы соғыс» ұғымы пайда болды. Терракттен кейін Нью-Йорктің қаржы орталығы зардап шекті. Әуе қатынасы бірнеше күнге тоқтады.Количество показов: 21
Дата создания: 12.09.2025 07:46:36