Еңбек кодексіндегі талаптар кұшейді
Қазақстанда еңбек шарттарын тіркеуге қатысты жаңа талаптар күшіне енді. ҚР-ның еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер қызметкермен жасалған еңбек шарты туралы мәліметті еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесіне енгізуге міндетті. 12 наурыздан бастап бұл талаптарды бұзған жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Енді жұмыс берушілер қызметкермен жасалған еңбек шарты туралы барлық мәліметті еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті. ҚР Еңбек кодексінің жаңа талаптары күшіне енді. Бұл жүйеде қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, атқаратын қызметі, еңбек шартының мерзімі, жұмыстың басталу күні мен шарттың нөмірі секілді негізгі деректер тіркеледі. Сонымен қатар жұмыс уақытының режимі мен демалысқа шығуы туралы ақпараттар енгізілуі тиіс. Биыл 12 наурыздан бастап бұл талаптарды бұзған жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер жұмыс беруші еңбек шарты туралы мәліметті уақытында енгізбесе, толық көрсетпесе немесе қате ақпарат берсе, айыппұл салынады. Оның мөлшері кәсіпорынның санатына байланысты 30-дан 150 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Ал заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі тағы да ұлғаяды. Мамандардың айтуынша, егер қызметкер жұмыстан шыққанымен, жұмыс беруші жүйеге өзгеріс енгізбесе, азаматтар өздері де өтініш бере алады. Ол үшін HR Enbek порталы арқылы еңбек шартының тоқтатылғанын растайтын құжаттарды тіркеу қажет. Қазіргі уақытта HR Enbek порталы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бүгінде жүйеде 6,5 миллионнан астам қолданыстағы еңбек шарты тіркелген. Бұл азаматтарға еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдерін автоматты түрде растауға мүмкіндік береді.Количество показов: 8
Дата создания: 17.03.2026 06:44:37



















