Ең ауыр жаза: 38 жастағы ер адам сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ауыр қылмыс жасаған азаматқа үкім шығарды. 38 жастағы сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодекстің екі адамды аса қатыгездікпен өлтіру, қаруланып, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, сондай-ақ орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша кінәлі деп танылды. Ол өз кінәсін ішінара мойындады. Сондай-ақ, ол 7,3 млн теңге материалдық шығын, 20 млн теңге моральдық өтемақы мен 500 мың теңге сот шығындарын өтеуге міндеттелді. Еске салайық, қанды оқиға биыл 13 қаңтарда шаһардағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды. Іс материалдарына сәйкес, ер адам бұрын таныс болған әйелге үйленгісі келіп, ұсынысына жауап ала алмаған. Сол күні ол әйел тұрып жатқан үйдің ауласына заңсыз кіріп, зейнет жасындағы анасы мен өгей әкесіне шабуыл жасаған. Алдымен қаскөй әйелдің анасына 20-дан астам пышақ жарақатын салып, денесін жертөлеге тастаған. Артынша үйге келіп қалған өгей әкеге де балта мен жұдырықпен шабуыл жасаған. Екінші құрбаны да жертөлеге тасталды. Сыртқа шыққан қызды ұстап алып, байлап тастаған. Үйден хабар ала алмаған туыстары полиция шақырады. Полиция қызметкерлері келген сәтте ер адам үйде баррикада орнатып, әйелді кепілге алып, талаптар қоялы. Бастапқыда ақша сұраған ол, кейін әйелді босатудан бас тартқан. Үш сағатқа созылған келіссөздер нәтиже бермей, арнайы жасақ үйге шабуыл жасап кірді. Күдіктіні ұстады. Жәбірленуші ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алайда оның анасы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ал, өгей әкесі ауруханада қайтыс болды.Количество показов: 19
Дата создания: 05.07.2025 04:28:00