Дуалды оқыту жүйесімен білім алған алғашқы студенттер биыл оқу бітіреді
Біздің облыста 41 колледж бар десек, соның тең жартысы дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беруге көшкен. Оқу орындары 56 кәсіпорынмен байланыс орнатып, студенттерге өндіріс орындарында, зертханаларда жұмыс жасап, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берілді. Қазір 26 мамандық бойынша барлығы 700 студент оқытылып жатыр. Президенттің өндірісті оқумен байланыстыру тапсырмасы бойынша былтыр елде колледждердің 60 пайызында дуалды оқыту жүйесі енгізілген. 2019-жылға қарай бұл межені 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Количество показов: 1930
Дата создания: 04.05.2016 17:57:18