Долаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін түскі сағат 12-лер шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында жол апаты болды. 12-ші бағытта қатынайтын ПАЗ маркалы жолаушылар автобусы мен Daewoo Nexia автокөлігі түйіскен. Daewoo Nexia көлігінде болған үш бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, жалпы денсаулық жағдайлары тексерілген. Тағы бір ересек жолаушы облыстық жедел жәрдем ауруханасына түскен. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша олар зардап шекпеген.Количество показов: 801
Дата создания: 01.03.2021 19:00:07



















