Диета: пайда ма, зиян ба?
Халықаралық диетолог күні – бұл мамандардың еңбегін бағалап ғана қоймай, әр адамға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін еске салатын ерекше күн. Олар артық салмақтың алдын алу, түрлі аурулардың дұрыс тамақтану арқылы емделуіне ықпал ету, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыс жасайды. Қазіргі таңда дұрыс тамақтану мәселесі өте өзекті. Фаст-фудтың көбеюі, қозғалыстың азаюы адам денсаулығына кері әсер етуде. Осындай жағдайда диетолог мамандардың кеңесі қоғам үшін аса маңызды. Оны тек диетолог мамандар емес, тұрғындар да қарапайым мысалмен келтіріп айтты. Адам ағзасының тазаруына оразаның да пайдасы мол дейді тұрғындар. Ораза ұстаған адам бір айға жуық таңнан кешке дейін аш жүреді. Мұның ішті тазартып, адамның ойлау қабілетін арттыруға, өзін жеңіл сезінуге, рухани тазалықпен бірге денсаулыққа да пайдасы зор. Әйтсе де, сол бір денсаулыққа байланысты диета ұстауға болмайтын ауру түрлері де бар. Міне, осы сырларды диетолог мамандар дәпігерлермен біріге науқасқа ұсынады. Бет-алды диета ұстаймын деп, ашыға беруге де болмайды. Артық қыламын деп, денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп алуыңыз мүмкін.Количество показов: 8
Дата создания: 11.03.2026 05:43:17



















