Әдеттегіден қымбат түбіртек
Ақтөбеде электр энергиясына тариф өсті ме? Соңғы айда келген түбіртекте төлем ақы артқан. Осылай деген ақтөбелік бүгін редакциямызға шағымданды. Айтуларынша, желтоқсан айына келген түбіртекте баға өткен айларға қарағанда көп шыққан. Қария мәселені білмекке "Энергосистема" серіктестігіне барған. Жауапты бақылаушыға да хабарласқан. Алайда, тұшымды жауап ала алмадым деп налиды. Ақтөбелік Константин Рындин соңғы айда электр энергиясына төлем көлемі әдеттегіден көп шыққанын айтады. "Энергосистема" серіктестігінен келетін түбіртектегі сомма бұрынғы айларға қарағанда жоғары. Артық сомаға алаңдаған ол "тарифтың өзгергенін білмедім, ешқандай ескерту жасалмады" деп налиды. Егде жастағы ер адам алаяқтарға жем болдым ба деп алаңдаулы. Констонтин Рындин мәселенің мән-жайын білу үшін мекеменің жауапты бақылаушысына хабарласқан. Келемін дегенімен, уәдесінде тұрмапты. Қария кейін мекемеге барған. Алайда, тұшымды жауап ала алмапты. Ал, жарыққа жауапты мекеме өкілдері тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ деп сендірді. Биыл электр энергиясының тарифі өспеген. Былтырғы қалпында. Мәселені жыл соңындағы есептің жабылуы мен жаңа жылдың басындағы есептеу кезеңіне байланысты деп түсіндірді. Мамандар бұл техникалық есептеу ДЕЙДІ. алдағы айларда төлем сомасы қалыпты деңгейге түседі. Сондай-ақ тұрғындар түбіртектерді мұқият тексеріп, сұрақ туындаған жағдайда жауапты мекемеге жүгінуге кеңес береді.Количество показов: 4
Дата создания: 22.01.2026 01:04:53



















