Депутаттар шаһардағы ірі сауда желілерінің бірінде жиын өткізді
Коституцияның жаңа жобасын қарашаға түсіндіруде депутаттар белсенділігі артты. "Аманат" және "Ақжол" партияларының өңірдегі мүшелері бүгін халық көп шоғырланатын "Анвар" гипермаркетіне барды. Мақсат - сауда желісінің еңбек ұжымы мен тұтынушыларға Ата Заңдағы өзгерістерді таныстыру. Кездесу барысында депутаттар Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, жаңа Конституция адам құқықтарын кеңінен қорғауға, бизнес саласын дамытуға және білімді жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталғаны айтылды. Халық қалаулыларының айтуынша, бұл шара алғаш рет өткізіліп отыр. 3000-ға жуық қызметкер мен қала тұрғынын ақпараттандыруды жоспарлаған. Сонымен қатар, депутаттар ақтөбеліктерді 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды. Пікірлерінше, бұл ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешім қабылдауға берілген мүмкіндік.Количество показов: 13
Дата создания: 20.02.2026 07:05:07



















