Депутаттар «Айс» компаниясының ұжымымен кездесті
Өңірде Конституцияға енгізілген заңдарды түсіндіру мақсатында коалиция құрылған болатын. Осыған орай, депутаттар белсенділік танытып, халықпен түсіндірме-ақпараттық кездесулер өткізіп жатыр. Солардың бірі бүгін қаладағы «Айс» серіктестігінің ұжымымен кездесті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев компания қызметкерлерімен бірге Ата Заңдағы жаңашылдықтар мен олардың қоғам өміріне әсері жан-жақты талқыланды. Жиын барысында Қазыбек Әлішев Конституциялық реформалардың басты бағыттарына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Жаңа заңдардың негізінде қабылданған цифрлық жүйенің дамуы, мәдениет, білім, ғылым салаларының жаңғыруына тоқталды. Ақтөбенің брендіне айналған "Айс" компаиясының өнімдері Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Орал қалаларына да тасымалданады. Зауыт директорының айтуынша, жұмыс орнында барлығы 80-нен астам адам төрт ауысыммен қызмет етеді. Күніне 50 тонна сүт өнімдері өндіріледі. Конституцияға енгізілген өзгерістер қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Осындай түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да жалғасады. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын нығайтуға ықпал етеді, дейді халық қалаулылары.Количество показов: 11
Дата создания: 17.02.2026 05:56:06



















