Демалыс күндері шаһарда екі өрт оқиғасы тіркелді
Шаһарда 12 шағын аудандағы супермаркеттердің бірінен өрт шықты. Төтеншеліктер 5 шаршы метр алаңды шарпыған жалынды тез арада сөндіріп үлгерген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі аз. Оқиға 4-шілде күні болған. Облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысының мәліметінше, қызыл жалын төбе жабындысының жануынан пайда болған. Төтеншеліктер өртті тез арада сөндіріп үлгерген. Сондай-ақ, құтқарушылар автокөлікті оттан аман алып қалды. Шаһардағы жеке тұрғын үй аумағында газ-баллон жабдығы орнатылған минивэннің мотор бөлігінен өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды тез арада ауыздықтап, оттың көлік салонына таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.Количество показов: 17
Дата создания: 09.07.2025 06:26:42