Дауылдан сынған ағаштар қалада қалай жиналып жатыр?
Бұл - Ливенцова көшесінің бойы. Өткенде болған қатты дауылдың салдарынан көптеген ағаш тамырымен қопарылып, бұтақтары сынып, жаяу жүргіншілер жолын жауып қалған. Қала тұрғындарының кейбірі "тылсым табиғатқа қарсы шыға алмаймыз, бәрі кезең-кезеңімен жиналады" деп түсіністік танытты. Олар сынған ағаштардың кедергі келтіретінін жасырмады. Оған қоса, жаңбыр да тоқтамастан жауып, тұрғындарға жүріп-тұратын жол да қалмағанын айтады. Жауаптылардың айтуынша, Астана ауданы бойынша тамырымен жұлынып құлаған ағаштардың саны 100-ден асады. Бүгін Қаратаев көшесінде талдарды жинау жұмыстары жүргізілді. Келесі кезекте Ливенцова көшесін тазартуға кірісеміз дейді,- қалалық ТҮКШ бөлімі. Әсіресе Рысқұлов, Есет батыр көшелері, Бейбітшілік және Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы ағаштарды тазалау жұмыстары біраз уақытты алған. Мамандардың айтуынша, тұрғындардан құлаған ағаштарға қатысты шағымдары көптеп түсуде. Сондықтан жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жауаптылар тұрғындарды түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.Количество показов: 17
Дата создания: 27.06.2026 07:50:47



















