«Даламның иісі бұрқырап...»
Бүгін қазақтың сыршыл, лирик ақыны Сағи Жиенбаевтың шығармашылығы дәріптелді. «Даламның иісі бұрқырап...» атты облыстық әдеби-мюзикл фестиваль С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылды. Фестивальдің мақсаты - ақын мұрасын дәріптеп, өңір кітапханашыларының шығармашылық қабілетін дамыту. Шара барысында Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалып, ақын поэзиясы сахналық қойылымдар арқылы көрерменге ұсынылды. Байқауға 2 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қатысты. Фестиваль 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен топтарын таныстырып, кейін ақынның шығармаларын сахналық қойылым арқылы бейнеледі. Сондай-ақ өлкелік ақын-жазушылар шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар қатарында Ембі қалалық кітапхана қызметкерлері де болды. Сағи Жиенбаев 1934 жылы Байғанин ауданы Оймауыт ауылында дүниеге келіп, 1994 жылы өмірден озған. 1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан. “Қарлығаш” аталатын алғашқы жинағы 1959 жылы жарық көріп, Содан кейінгі жылдары жиырмадан аса өлең кітаптарын жарияланған. Жиенбаевтың “Сыйлық”, “Қыр гүлі”, “Сырлы теңіз", “Қайырлы таң” т.б бірсыпыра өлең кітаптары жарық көрген.Количество показов: 6
Дата создания: 16.05.2026 06:41:21



















