Дала өртінің алдын алу керек
Жыл басынан бері тілсіз жаудың кесірінен 102 өрт тіркелген. Оның 81-і тұрғын үй секторы мен көлік құралдарынан туындаған. Дені тұрмыстық газдан, автокөлік тоқтарының тұйықталуынан және отты абайсыз пайдаланудан шығады. Материалдық шығын да аз емес. Бақандай 10 млн теңгені құрайды. Осы орайда төтеншеліктер дабыл қағуда.Өрт тілсіз жау. Егер сақтық шараларын сақтамаса қауіп екі есе ұлғаяды. Тұрғындардың демалып, табиғат аясында иынығатын маусымы басталды. Осы кезде демалуды көздегендер абайсызда өрт тұтатып, қырғын шығынға батуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда 336-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Айыппұл да қарастырылған.Айта кетейік, облыс аумағында 196 елді-мекенді өрттен қорғайтын 75 өрт сөндіру бекеті құрылды. Құрамында 109 000 адам бар. Сондай-ақ, былтыр өрт сөндіру бекеттері үшін 18 арнайы өрт сөндіру автокөлігі және 2 мыңнан астам өрт сөндіру жабдығы сатып алынған. Төтеншеліктер биыл да техника санын арттыруды көздеп отыр. Бұл жолы 16 бірлік арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Жауаптылар бұл бекеттердің қажеттілігін толығымен жабады, деп сендірді.
Количество показов: 32
Дата создания: 30.04.2025 09:28:23