Дәріханаларда қызу түсіретін және вирусқа қарсы препараттарға сұраныс артты
Дәрілік препараттардың бағасы дәріханаға жеткізілім кезінде өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрі-дәрмектің қолжетімділігін бақылау маңызды. Тұрғындар үшін «Таңбалау» жүйесімен жұмыс істейтін «Нақты өнім» мобильді қосымшасы ақпарат береді. Қосымша арқылы дәрінің қаптамасындағы таңбалау кодын сканерлеп, препараттың шығу тегі мен қозғалысын бақылауға болады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан бағасы реттелетін дәрілердің белгіленген шекті құнын тексеруге мүмкіндік бар. Күн суытып, тұмау мен вирустық инфекциялар жиілеген кезде дәріханаларда қызу түсіретін және суық тию белгілерін жеңілдететін препараттарға сұраныс артады. Әсіресе парацетамол, аспирин, вирусқа қарсы және тамақ ауруына арналған дәрілер жиі сатып алынады. Дәріхана өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта маусымдық ауруларды емдеуге қажетті препараттар жеткілікті. Дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы тұрғындар үшін маңызды. Нафазолин — 120 теңгеден, аспирин — 200 теңгеден, парацетамол — 215 теңгеден сатылады. Күзгі суықта кішкентай балалар жиі ауырып жатыр. Дәрі-дәрмек қолдануға тура келеді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда баға едәуір қымбаттаған. Маусымдық аурулар кезінде дәрі-дәрмекке деген сұраныс артып, оның бағасы тұрғындар үшін маңызды мәселеге айналады. Қаладағы дәріханаларда препараттар жеткілікті. Осы тұста дәрілік заттардың қолжетімділігімен қатар, баға тұрақтылығын сақтау да өзекті боп тұр.Количество показов: 11
Дата создания: 20.10.2026 09:27:28



















