Үнемі қозғалыста бол! Бүгін "Денсаулық" саябағында ақтөбелік дәрігерлер жаппай спортпен айналысты. Осылайша медицина қызметкерлері ақтөбеліктерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дене шынықтыру сағатына мыңға жуық дәрігер қатысты. Ақ халатты абзал жандар 10 минуттық дене қыздыру жаттығуынан соң 1 жарым шақырымды скандинавтық жүріспен жүріп өтті. Ашық аспан астында тоғызқұмалақ, шахмат, шағын футболдан жарысқа түсті. Саябаққа келген тұрғындар "Денсаулық бұрышында" тегін қан қысымын өлшетіп, мамандардан кеңестер алды.
Фестиваль бірнеше кезең бойынша өтті. Үшніші кезеңде қатысушылар зияткерлік спортта және күресте өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Шара барысында медицина қызметкерлері денсаулық бұрышын да ұйымдастырды. Саябаққа келген тұрғындар қан қысымын, қант мөлшерін өлшеп білді.
Количество показов: 1216
Дата создания: 06.05.2019 18:20:37
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>