Дәрігерлер: Вакцинация-қатерлі аурулардан қорғайды
Баланың денсаулығын сақтаудың басты жолы - вакцинация. Өңір дәрігерлері осылай деп, дабыл қақты. Екпе алу - бұл тек өз балаңызға деген қамқорлық қана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның денсаулығына қосқан үлес. Осы жылдың алғашқы 4 айында профилактикалық екпелермен қамту көрсеткіштері келесідей. Вирусты гепатит В қарсы -91,4%, БЦЖ - 92,5%-ды құрады. Екеуін де аналар сәбилеріне перзентханада салдырған. Ал, АКДС 3 - 33,3%, пневмококкты инфекцияға қарсы екпе - 29,3%, қызылша, қызамық, паротитке қарсы -31,5%-ды құраған. Вакцинация туберкулез, қызылша, көкжөтел, дифтерия, полиомиелит секілді аурулардан қорғайды. Иммунитет қалыптастырады. Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз етеді. Қазақстанда балаларға арналған ұлттық екпе күнтізбесі бар. Ол туған күннен бастап әр жас кезеңінде қандай вакцина салынатынын анық көрсетеді. Екпе алар кезде ата-ана нені білуі шарт? Екпеден кейін балада жеңіл температура, ісіну, әлсіздік байқалуы мүмкін - бұл қалыпты жағдай. Вакцинация алдында баланың денсаулығын тексеру маңызды. Егер балада аллергия, созылмалы ауру болса, педиатрмен кеңескен дұрыс.Количество показов: 40
Дата создания: 27.05.2025 06:00:35