Қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындарының қан қысымы төмен, көбінің асқазаны ауырады. Дәрігерлер мұны ішкі күйзелістің кесірі дейді. Бүгін "Арасан Ақтөбе" мекемесінің мамандары интернатқа барып, қариялар мен мүгедектердің денсаулығын тексерді. Акция қарттар күніне орайластырылған. Интернат тұрғындары салмақ өлшетті. Қан қысымын, қандағы қант мөлшерін анықтады. Көз, мұрын, құлақтарын тексертті. Қариялардың қан қысымы төмендеп кеткен. Ал, лор-дәрігер Несібелі Қарымсақованың айтуынша, қариялардың есту қабілеттері өте жақсы.
Егде тартқан жандар дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындайды. Қазір қарттар мен мүгедектер үйінде 240 адам тұрып жатыр. Жүз шақтысы - мүгедек. Олар күнделікті ақ халаттылардың бақылауында. Жылына екі рет медициналық тексеруден өтеді. Интернатта жеті дәрігер, 20 медбике бар.
Количество показов: 1291
Дата создания: 26.09.2017 18:25:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>