Дүниежүзілік донор күніне орай қан тапсыру орталығында акция өтті
Қан тапсыру бұл бір адамдарға - қарапайым процедура болса, енді біреуге - өмір сыйлайтын мүмкіндік. Дүниежүзілік донор күніне орай облыстық қан тапсыру орталығында өткен акцияға ақтөбеліктер белсенді қатысты. Бүгінгі акция барысында қан тапсыруға келген азаматтар алдымен міндетті медициналық тексеруден өтті. Мамандар донорлардың денсаулық жағдайын бағалап, қажетті көрсеткіштерді тексерді. Тек дәрігер рұқсатын алғандар ғана қан тапсыруға жіберілді. Акция барысында орталықта мерекелік дастархан ұйымдастырылып, тұрақты донорлар мен шараға алғаш рет қатысушыларға ризашылық білдірілді. Осы уақыт аралығында біршама тұрғын игі іске атсалысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созды.Іс-шара барысында мамандар донорлықтың тек өзгеге көмек емес, адамның өз денсаулығына да оң әсер ететінін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, тұрақты түрде қан тапсыру қан құрамының жаңаруына ықпал етіп, ағзадағы бейімделу механизмдерінің жұмысын жақсартады. Әрине, ол үшін қан тапсырушының денсаулығы жақсы болуы шарт. Таңғы сағат 09-дан басталған игі шара түске дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде көптеген тұрғындар ерікті түрде қан тапсырып, адам өмірін сақтауға өз үлестерін қосты. Мамандар донор болу - үлкен жауапкершілікпен қатар, қоғамға жасалған маңызды көмек екенін айтады. Арнайы мекемелердің ұсынысымен де қан тапсыратын қызметкерлер де болады екен. Донорлық қан күн сайын ауыр науқастарға, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге және күрделі ота жасалатын пациенттерге қажет. Өйткені бір адамның тапсырған қаны бірнеше адамның өмірін арашалап қалуы мүмкін. Ақтөбеліктер бұл күні де игі істен шет қалмай, адам өмірін арашалап қалуға өз үлестерін қосты.Количество показов: 14
Дата создания: 13.06.2026 06:45:12



















