Дүниежүзілік қан доноры күніне орай ақтөбеліктер қан тапсырды
14 маусым - донорлар үшін маңызды күн. Мереке бүгін облыстық қан орталығында тойланды. Донорлар мұқтаждар үшін қан тапсырды. Қайырымдылық жасаған жандар марапатталды. Марапатталған 20-ға жуық адамның ішінде 20 жылдан астам донор болып жүргендер бар. Жыл сайын өз еркімен, ақысыз қан тапсыратын тұрақты донордың бірі - Бауыржан Оңғарбаев. Игі іс жасау үшін арнайы спортпен шұғылданады. Алғаш таныстарына шұғыл қан қажет болғанда донор болуды ұйғарған. "Содан бері дәстүрге айналды", дейді мейірімді жан. Қан орталығы мамандарының мәліметінше, өңірде қан жетіспеушілігі жоқ. Бұл еліміз бойынша жақсы көрсеткіш екен. Былтырғы жылдың өзінде 9 500 донордан қан қабылданған. Оның ішінде 66-сы плазмаға, қалғаны қанға тапсырған. Қан трансфузиясы жол апаты, операция, анемия, онкологиялық ауруларды қолдау үшін өте маңызды. Әлем бойынша жыл сайын шамамен 112 млн. бірлік қан жиналады.Количество показов: 17
Дата создания: 14.06.2025 09:08:43