Әділетсіздікке тосқауыл: жүздеген тұтынушының құқығы қалпына келтірілді
Жыл басынан бері өңірде тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін 24 кәсіпкерлік субъектіге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Гүлзада Алматбайқызы мәлім етті. Департамент мамандарымен биыл 900-ден астам өтініш қаралған. Бұл - қаңтар-шілде аралығындағы көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп дейді бас маман. Департаментке келіп түскен өтініштердің 73 пайызы тұтынушылардың пайдасына шешілген. Оларға 60 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылған. 200-ден астам ақтөбелікке құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес берілген. Ал, 160-тан көп тұтынушы мамандармен өзге мемлекеттік органдарға жіберілді. Тұрғындардың бөлшек және электронды сауда жасау кезінде, тұрмыстық қызметтер алуда тұтынушылық құқықтары бұзылған. Мамандардың айтуынша, тұтынушылар тауарды қайтаруға, айырбастауға, кемшіліктерді сатушы есебінен жоюға және шартты бұзып, ақшаны талап етуге құқылы. Егер құқық бұзылса, азаматтар eotinish.kz порталы арқылы шағымдана алады немесе сотқа жүгіну мүмкіндігі бар. 14 күн ішінде сатып алған тауарын қайтарып, ауыстыруға да құқылы. Бірақ оның да өз талаптары бар.Количество показов: 14
Дата создания: 28.08.2025 01:44:10