Дүкендегі жұмыртқаның ішінен балапан шықты
80 жастағы Тамара Власко мұндай сыйды күтпесе керек. Ол бүгін таңғы 9-дар шамасында Шернияз көшесінде орналасқан супермаркетке барып, балмұздақ, ірімшік пен жұмыртқа сатып алған. Суға пісірмек болған жұмыртқасының қабығы бір минут өтпей жарыла бастапты. Қарасам, ішінде шалажансыр балапан жатыр,-дейді зейнеткер. Жұмыртқаның біреуін ғана ашып көрген зейнеткер қалған тоғызын қозғамаған. Қай жерден және неше теңгеге сатып алғандығын растайтын тауарлық чегі де бар. Супермаркет директоры Нұргүл Таспаевның айтуынша, сатылымдағы жұмыртқалардың сапасы мен жарамдылық мерзімі талапқа сай. Жергілікті және Орынбор облысынан әкелінген жұмыртқалар сатылып жатыр. Сауда орны зейнеткерге ақшасын қайтарып, кешірім сұрауға да дайын.
Количество показов: 1649
Дата создания: 08.08.2017 18:53:20