Чернобыль апатының ардагерлеріне көмек Германиядан жетті
Чернобыль апаты - тарихтағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Сол жылдары өз өмірін қатерге тігіп, адамзат қауіпсіздігі үшін еңбек еткен қазақстандық ардагерлердің ерлігі ел жадында мәңгі сақталады. Бүгінгі көрсетіліп жатқан көмек - сол еңбекті бағалау мен құрметтеудің нақты көрінісі. Чернобыль апатының ардагерлеріне қол арба мен таяныш арбалары табысталды. Оларға қолдау тікелей Германиядан жеткізілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара бір реттік емес. Алдағы уақытта да ардагерлерге қолдау көрсету, олардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдету бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Сондай-ақ қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған жоба болмақ. Ардагерлер өздеріне жасалған қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, жастарды отансүйгіштікке, елдің бейбіт өмірін қадірлеуге шақырды.Количество показов: 14
Дата создания: 20.09.2025 08:04:39