Чернобыль апатына 40 жыл
Бүгін қалада Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Тұрғындар қалашығындағы ескерткіш алдына жиналған жұртшылық апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Іс шара барысында ҚР мемлекеттік гимні орындалып, Құрмет қарауылы сап түзеді.Қаламызда Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан жандарды еске алу дәстүрі биыл да өз жалғасын табуда. Тұрғындар қалашығы ауданындағы ескерткіш маңына жиналған жұртшылық апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен басталды. Құрмет қарауылы сап түзеп, жиынға ерекше салтанат берді. Шара барысында қала әкімі Азамат Бекет сөз сөйлеп, ликвидаторлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ ардагерлер мен қоғам өкілдері де сөз алып, сол бір ауыр кезеңнің естеліктерімен бөлісті. Ресми бөлімнен кейін шара шығармашылық бағдарламаға ұласты. "Украина" ұлттық-мәдени орталығының өнерпаздары Чернобыль тақырыбына арналған әндерді орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. 1986 жылғы 26 сәуірде болған Чернобыль апаты адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі ретінде қалды. Оның салдарын жоюға мыңдаған адам, соның ішінде қазақстандықтар да қатысты. Бүгінде олардың қатары сиреп, санаулысы ғана ортамызда жүр. Қауіпті жағдайда еңбек еткен олардың жанқиярлығы үлкен апаттың алдын алуға мүмкіндік берді. Бүгінгі шара сол ерлікті ұмытпау, құрмет көрсету және келер ұрпаққа жеткізудің бір көрінісі ,- дейді ұйымдастырушылар.Количество показов: 7
Дата создания: 28.04.2026 00:10:43



















