«Capital Plast KZ» кәсіпорнын депутаттар аралап көрді
Өңірде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев гофрленген қаптама мен стрейч-пленка өндіретін «Capital Plast KZ» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кездесу барысында депутат өндіріс барысын көріп, еңбек ұжымымен жүздесті. Айта кетейік, қаптама материалдарын өндіруге бағытталған бұл инвестициялық жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайды. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев қаптама материалдарын өндіретін «Capital Plast KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Депутат өндіріс алаңын аралап, кәсіпорындағы технологиялық үдеріс пен жабдықтардың жұмысын көрді. Қаптама материалдарын шығаруға бағытталған инвестициялық жоба жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны – 2 миллиард теңге. Қазіргі таңда гофрленген қаптама өндірісінің бірінші кезеңі толық іске қосылып, пайдалануға берілген. 12 миллиард инвестиция құйылған, оның 30% меншікті, 70% несиелік екендігін айтты өндіріс басшысы. Ал жобаның екінші кезеңі – стрейч-пленка өндірісін іске қосу 2026 жылға жоспарланған. Қазір кәсіпорында өндірістік жабдықтарды орнату және баптау жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жобалар аймақ экономикасының дамуына серпін береді, дейді сала өкілдері.Количество показов: 13
Дата создания: 09.01.2026 08:01:21



















