Былтыр тазалық шараларына 421 мыңға ақтөбелік қатысқан
"Таза Қазақстан" акциясы өңірде әлі жүріп жатыр. Былтыр тазалық шараларына 421 мыңға жуық тұрғын, 13 мыңнан астам мекеме мен жеке кәсіпорын қатысқан. 116 мыңнан астам аула мен 1 800-ге жуық әлеуметтік нысан, 342 саябақ пен алаңша тазартылған. Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін 6 мыңнан астам арнайы техника тартылып, қоқыс полигондарына 50 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Бүгін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 2025 жылды қорытындылап, биылғы жоспарларымен бөлісті. "Қалдықтарды басқару бағытында да жүйелі жұмыстар атқырылып жатыр" дейді мамандар. Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау тарифтері облыс орталығында және 12 ауданда бекітілген. Су ресуртарын сақтау және тиімді пайдалану да назардан тыс қалған жоқ. Өңірде 206 гидротехникалық құрылыс бар. Биыл Сазды өзенінде санация жұмыстары жүргізіліп, қамыс тазаланды. Алдағы уақытта су қоймаларын салу арқылы пайдалы су көлемін арттыру жоспарланып отыр. Балық шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 655 мың гектардан асады. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста 2027 жылға дейін 64 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспраланған. Ал келер жылы өңірде 6 миллионға жуық көшет егу көзделіп отыр.Количество показов: 7
Дата создания: 28.01.2026 09:32:08



















