Былтыр облыста 34 мектепке дейінгі ұйым салынды
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Білім басқармасының 2025 жылы атқарған жұмысының қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифингте білім басқармасы тарапынан жасалған жұмыстар, іс-шаралар, білім ордасындағы құрылыс жұмыстары туралы баяндалды. Өңірде былтыр мектепке дейінгі жаста IT сауаттылықты, цифрлық технологиялар саласындағы қарапайым дағдыларды қалыптастыру үшін "IT-балабақша" пилоттық жобасы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында "жасыл балабақша" жобалары жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты - балабақшада цифрлық ортаны құру, балалардың интеллектуалдық қабілетін ашу, бағдарламалау дағдыларын меңгерту, оқу-тәрбие процесінде интерактивті технологияларды тиімді қолдану. 2025 жылы облыста 2 747 орынға арналған 34 мектепке дейінгі ұйым салынған. Балабақша кезегі ауылдық жерлерде білінбегенімен, қалада кезекке тұру, орынның босамауы әлі де бар. Осы мақсатта 6 жасқа дейін дайындық топқа баратын балалар үшін, кеңестік бөлімдер ашылды. Бұдан басқа орта білім ордаларында түрлі сайыс, шаралар, олимпиадалар өткізілді. 2026 жылы білім берудің тұтас және орнықты жүйесін құруға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Бұлбұл Күзембаеваның сөзінше, Оқу-ағарту министрлігі орнықты білім беру жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуді бастайды. Мысалы, халықаралық ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарына, сондай-ақ оларды даярлаған педагогтерге біржолғы мемлекеттік сыйақы қарастырылған.Количество показов: 17
Дата создания: 07.01.2026 09:07:52



















