Былтыр Ақтөбеде 1469 балаға екпе салынбаған
Ақтөбеде екпеден бас тартушылар саны жыл өткен сайын артып барады. Алаңдатарлық жайт. Бүгін №1 қалалық емханада дәрігерлер, имамдар мен теологтар баласы вакцина алмаған ата-аналармен кездесіп, екпенің пайдасы туралы әңгіме жүргізді. Оларды райынан қайтаруға тырысты.
№1 емханада Тұрғындар қалашығы, Шанхай аудандары мен өнеркәсіп аймағына жақын бау-бақша ұжымдарының тұрғындары қаралады. Бұл аумақта екпе алмаған 291 бала бар. Соның 125-іне туғалы ешқандай вакцина егілмеген. Себебі, ата-аналары бас тартқан. Олардың бірқатары бүгін емханаға шақырылды. Ақ халаттылар екпе алудың қажеттілігін жеткізуге тырысса, дін өкілдері исламда екпеге тиым салынбағанын айтып түсіндірді. Эпидемологтардың дерегі бойынша, былтыр қалада 1 мың 469 бала екпе алмаған. 2015-жылмен салыстырғанда 446 балаға көп. Демек, жыл өткен сайын вакцинадан бас тартатындар қатары артып барады. Дәрігерлер, имамдар мен теологтардың бірігіп өткізген әңгемелесу шараларының арқасында өткен екі жылда баласына екпе салдырмаған 31 ата-ана райынан қайтқан. Ал, бүгінгі кездесуде мамандар үш отбасын көндірді.
Количество показов: 1944
Дата создания: 10.03.2017 19:30:52