«Ботай – ұлы Дала мәдениеті» атты жылжымалы көрме ашылды
«Ботай – ұлы Дала мәдениеті» атты жылжымалы көрменің ашылуына зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен қала тұрғындары қатысты. Көрмеде энеолит дәуіріне тиесілі түпнұсқа археологиялық олжалар, қайта қалпына келтірілген жәдігерлер, дәстүрлі тұрғын үй үлгілері және жылқыны қолға үйрету үдерісін айқындайтын ғылыми материалдар ұсынылған. Көрме 15 наурызға дейін жалғасады. Ғалымдардың айтуынша, дәл осы жерде жылқы алғаш рет қолға үйретілген. Ботай мәдениеті археолог Виктор Зайберт жүргізген көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде ғылымға еніп, Ботай ескерткіші ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды. Ал көрмеге келген студенттер Қазақстан тарихының бір кезеңімен таныса алатындарына риза. Олар шақырту алып, өздерінің қызығушылығымен келгендерін айтты. Айта кетейік, 2017 жылы Ботай археологиялық қонысы Қазақстанның қасиетті нысандарының жалпыұлттық тізіміне енгізілген. Әлемдік маңызы бар археологиялық ескерткіш Ботай қонысы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орналасқан. Ауданы 20 гектардан асатын энеолиттік қоныс. Сонымен қатар, 100-ден астам тұрғын үй, 200 мыңнан астам артефактілер мен ежелгі жануарлардың ондаған сүйектері табылған.Количество показов: 8
Дата создания: 26.02.2026 07:32:15



















