Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Бүгінгі өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде тұрғындар жұмыс табудың қиындығын көтерді. Ұсынылған жұмыстардың жалақы деңгейі көпшіліктің көңілінен шықпай отыр. Қала тұрғыны Асылан Сатубалдиевтың айтуынша, ол жарты жылдан бері екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Бұған дейін жеке компанияда күзетші болып еңбек еткен. Қазір түрлі мекемелерге түйіндеме жолдағанымен, нәтиже жоқ дейді ол. Тұрғын тағы бір мәселе ретінде біліктіліктің жетіспеуін айтты. Жұмыс іздеушінің сөзінше, жаңа мамандық маңгеруге мүмкіндік аз, ал тәжірибесіз жұмысқа орналасу қиын. Ал бүгінгі өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. 20-дан астам жұмыс берушіге экономист, ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы, кітапханашы, ағаш ұстазы, жүргізуші және тағы да басқа мамандар керек. Жалақы көлемі мен қойылатын талаптары сәйкес келген жұмыс іздеушілер жолдама алды. Қазіргі таңда облыс бойынша 2800-ден астам бос жұмыс орны қолжетімді. Алайда тұрғындар еңбек нарығында нақты қолдау мен тиімді бағдарламалар қажет дейді.Количество показов: 9
Дата создания: 19.03.2026 07:07:20



















