Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі
Шынар Уснадинова хатшы қызметін іздеп жүр. Бұған дейін Хромтау ауданында 10 жылға жуық мекемеде секретарь болып жұмыс істепті. Қазір жұмыссыз. Жарнама бойынша іздегендерінің төйлетіні мардымсыз ақы. Оған күн көру қиын, дейді тұрғын. Қазір Шынардың діттегені кемінде 250-300 мың жалақасы бар жұмысқа орналасу. Қымбатшылық кернеген заманда мұның өзі жан бағуға ғана жетеді, деп бөліседі ол. Күнделікті тұтынатын тамағың, комуналдық төлем мен жүріп-тұруыңның өзі ақша. Бүгін ол жәрмеңкеден бос қайтпайтынына сенімді.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне өңірдің 30-дан астам жетекші компаниясы мен кәсіпорны қатысты. Қатысушылар өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап қызмет көрсету мен саудаға дейінгі түрлі бағыттар бойынша шамамен 150 вакансия ұсынды.
Бұл алаң - жұмыс іздеушілер үшін армандаған жұмысын табуға, ал бизнес үшін - білікті мамандарды іріктеуге тамаша мүмкіндікке айналды.
Мұндай жәрмеңкенің жұмыссыз жүрген халыққа берері мол. Жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Қайта даярлау курстарынан өтуді ұсынғандар бар. Жұмыс істеймін деген ниеті бар азаматқа кедергі жоқ, дейді ұйымдастырушылар. Шараның басты мақсаты- жұмысшы мамандықтарын қолдау, өңірдегі жұмыссыздықты азайту. "Жұмыссыздықты азайту, білікті жұмыспен қамтуды арттыру және белсенді еңбек нарығын қалыптастыру - жәрмеңкеміздің басты миссиясы", - деп атап өтті палата өкілдері.
Количество показов: 35
Дата создания: 20.06.2025 09:22:57