Борышкерлер жазаланып жатыр
Аймақтың жеке сот орындаушылары мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге «Борышкер» жедел алдын алу шарасын өткізді. Рейдтік шара алимент, әкімшілік айыппұл, салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектерді өндіруді жеделдету, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған. Рейд барысында мамандар борышкерлердің тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың мүлік және автокөлік мәліметтерін тексерді. Қажет болған жағдайда мүліктеріне тыйым салды. Кейбір автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілді. Жыл басынан бері 356 мың атқару ісі қаралып, қазіргі уақытта соның 127 мыңға жуығы орындалған. Жеке сот орындаушылары борышкерлерге міндеттемелерді уақытында орындаудың маңызын ескертіп, заң талабын бұзған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді. Мамандардың айтуынша, жүйелі рейдтердің арқасында өңірде қарыздарды өндіру көлемі артып, аяқталған атқарушылық өндірістердің саны да көбейіп келеді. Жеке сот орындаушылары «Борышкер» рейдтері алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын айтады. Ал сот шешімдерін орындаудан жалтарған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.Количество показов: 15
Дата создания: 19.11.2025 08:20:27



















