Боччадан облыстық турнир басталды
Қаламызда тірек-қимыл аппараты зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында боччадан "Aqtobe open" ашық облыстық турнирі басталды. Дәстүрлі жарысқа елімізден 70-тен астам спортшы бақ сынап жатыр. Турнир 4 күнге созылып қатысушылар жекелей және командалық ойындар бойынша өзара мықтыны анықтайды. Қаламызда тірек-қимыл аппараты зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында боччадан "Aqtobe open" ашық облыстық турнирі басталды. Дәстүрлі жарысқа Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 70-тен астам спортшы қатысып жатыр. Турнир төрт күнге созылып, қатысушылар жекелей, жұптық және командалық ойындар бойынша өзара мықтыны анықтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты адаптивті спортты дамыту, бочча ойынын кеңінен насихаттау және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спортпен белсенді айналысуына мүмкіндік жасау. Бочча дәлдік пен тактиканы талап ететін паралимпиадалық спорт түрі. Сондықтан әрбір ойыншы өз шеберлігі мен төзімділігін сынға салады. Турнирге келген спортшылар бұл жарыстың тәжірибе алмасып, алдағы республикалық және халықаралық бәсекелерге дайындалуға мүмкіндік беретінін айтады. "Aqtobe open" турнирі 25 маусымға дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, кейін үздік ойын көрсеткен спортшылар елордада өтетін жарысқа жол тартады.Количество показов: 8
Дата создания: 23.06.2026 06:59:13



















