Бизнес өкілдері кәсіптерін жарнама арқылы дамыту жолдарын меңгерді
Заман талабына сай кәсіпкерлікте жарнама үлкен рөл атқарады. Онымен қоса әлеуметтік желідегі жарнамаға да бүгінде аса көп көңіл бөлінеді. Семинар аясында қатысушылар әлеуметтік желілердегі қатысу стратегиясынан бастап жарнама науқандарын практикалық түрде баптауға дейінгі цифрлық насихаттау құралдарын талдады. Арнайы назар контентпен дұрыс жұмыс істеуге, тиімділікті талдауға және шағын және орта бизнес үшін тиісті насихат арналарын таңдауға аударылды. "Маркетинг және әлеуметтік желілердегі ілгерілету. Бизнесті дамытуға арналған онлайн платформалар: Digital marketing, контент-маркетинг, таргеттелген жарнама және SMM" семинар-тренингі кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне арналған. «Біздің міндетіміз - кәсіпкерлерге онлайн да өсудің түсінікті әрі тиімді құралдарын ұсыну. Практикаға және тікелей сарапшылыққа сұраныс жоғары, сондықтан Ақтөбе бизнесі үшін білім беру шараларын жалғастырамыз», - дейді ұйымдастырушылар. Тренингте шағын және орта бизнесте цифрлық маркетинг стратегиясын құру, контент-маркетинг, таргеттелген жарнама, SMM басқару тақырыптары кеңінен талқыланды. Мұндай тәжірибе алмасу, жалпы семинарлар жас кәсіпкерлер үшін пайдалы дейді қатысушылар. Олар тренингтерден қалмайтынын айтады. Алған әрбір ілім - жеке кәсіпті дамытуға көмегін тигізеді, жарнама жасаудың қыр-сырын үйренеді. Ал жарнама - кәсіптің баста құралы. Семинардың практикалық бөлімде қатысушылар шағын кейстер орындап, бір айға арналған контент-жоспар құрды. Мақсатты аудиторияларды анықтап, өңірде өз тауарлары мен қызметтерін насихаттауға арналған базалық медиа-жоспар жасады. Семинар аяқталған соң барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.Количество показов: 33
Дата создания: 26.09.2025 07:47:38