Биыл шаһарда 26 қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Қала әкімі Азамат Бекет биыл 26 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарымен бөлісті. Шараға қалалық мәслихат депутаттары мен қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және демеуші кәсіпкерлер, кәсіпорын басшылары қатысты. Осы жылы Мәңгілік алау ескірткіші аумағын, "Нұр ғасыр" мешіті алаңын жайластыру, Есет батыр тұрғын алабындағы желілік аллеяны батыр ескерткішіне дейін жалғастыру тағы да басқа жерлерді абаттандыру жұмыстары тұр. Былтыр мұндай 15 жоба жасалған. АЛ, биыл 26 эскиздік жоба дайын дейді, Азамат Бекет. Жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Қала әкімінің айтуынша, 2025 жылы саябақ пен шағын бақтарды көркейту жұмыстары іске асқан. Есет батыр тұрғын алабы, Керуен сауда орталығына қарсы бет, Алтын Орда ауданындағы теннис орталығы жаны тағы да басқа бос жатқан уческілер қамтылған. Абаттандыру жұмысы екі бағытта жүргізіледі. Бірі қоғамдық кеңістіктер салу болса, ал екіншісі - ескірген саябақтарды реставрациялау. Сонымен қатар, "Жаңа идея - жайлы қала" байқауы аясында студенттер жобаларын ұсынып, жүлделі орындармен, сыйақылармен марапатталды. Екі университет арасынан 15 студент қатысып, 13 жоба қорғалған. Солардың бірі Қ.Жұбанов атындағы университеттің 4 курс студенті Санжар Мәжитов "Арна" атты жобасымен таныстырды. Байқау әкімдік ұсынған аумақтардағы бос жатқан учаскілерді абаттандыру және өз бетінше таңдаған қолданыстағы қоғамдық кеңістіктерді жаңарту бағдары негізінде жасалды.Количество показов: 6
Дата создания: 22.01.2026 01:01:21



















