Биыл облыста 7 адам тілсіз жаудың құрбаны болды
Облыста жыл басынан бері 424 өрт тіркеліп, 170 млн. теңгеден астам материалдық шығын келген. Өкінішке орай, тілсіз жаудан биыл 7 адам қаза тауып, 9 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Басқарма мамандары тұрғын үйлерді тексеру барысында 1 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықталған. Бұзушылықтардың дені электр техникалық желілері мен электр жабдықтарын, сондай-ақ жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты. Сондықтан төтеншеліктер тоқты пайдаланғанда, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өрт қаупін сезінсеңіз, уақытты босқа өткізбей, өртті сөндіру шарттарын жасау керек. Қызыл жалынды өзіңіз сөндіре алмайтыныңызды білсеңіз, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Кішкентай өрт болған жағдайда өртті сумен, құммен, қалың шүберекпен немесе арнайы өрт сөндіргіш құралдармен сөндіруге тырысыңыз. Электр құрылғыларын сумен сөндіруге тыйым салынады. Өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төнбес үшін сақтық шараларын естен шығармаңыз,-деп ескертеді төтеншеліктер.Количество показов: 18
Дата создания: 23.10.2025 08:36:22