Биыл облыс кәсіпорындарында 2 адам қаза тапты
Бүгін - Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні. 2003 жылы Халықаралық еңбек ұйымы бастамасымен бекітілген. Жұмыс орындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін арттыру және қызметкерлердің денсаулығын қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару - басты мақсат. Мамандардың сөзінше, Дүниезжүзілік еңбекті қорғау күні мереке емес, еске алу күні. Себебі, елімізде жыл сайын ондаған адам өндірістік жазатайым оқиғадан зардап шегіп, мерт болады. Өңірімізде бүгінге дейін кәсіпорындарда 21 жазатайым оқиға орын алып, тіркелген. Зардап шеккен 22 адамның екеуі қайтыс болды. Оқиға Дөң кен-байыту комбинатында орын алды. Аймақта еңбек етіп жүріп мүгедек болып қалғандар да бар. Бүгінге дейін 2 адам 2-3 топ мүгедектігін алған. Ал, елімізде «Еңбек кодексі» 10 жыл бұрын қабылданды. Соңғы жылдары Қазақстанда өндірістегі жарақаттануды азайту үшін цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Қауіпсіздік техникасына арналған мобильді қосымшалар, онлайн оқытулар бар, Десе де, құрылыс, тау-кен өндірісі секілді ауыр салаларда еңбек қауіпсіздігі мәселелері әлі де өзекті. Әлемде жыл сайын 2,2 млн. жұмысшы өндірісте мерт болады. Жыл басынан бері елімізде жазатайым оқиғадан 40 адам қаза тапты. 300-ге жуық жұмысшы түрлі дәрежедегі жарақат алған.Количество показов: 24
Дата создания: 29.04.2025 10:26:56