Биыл өндірісте 26 адам жарақат алған
Биыл аймақта жұмыс барысында 26 жарақат алу жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда аз. Дегенмен 2025 жылы 2 адам өлімі болған. Ал биыл өндірістік жарақат алған 24 адам ауыр салдармен тіркеліп, тағы екеуі топтық жағдайда зардап шеккен. Негізгі себептері - жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыздығы, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеу, қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытудың жеткіліксіздігі және қызметкерлердің өз тарапынан өрескел абайсыздықтар. Мемлекеттік бақылау аясында 59 тексеріс жүргізіліп, 38 нұсқама берілген. Нәтижесінде 103 бұзушылық пен 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Мамандар биыл профилактикалық шаралардың күшейтілгенін айтады. Цифрландыру жылының аясында әлеуметтік желілерде де арнайы ақпараттар мен кеңестер жарияланып жатыр. 6 кәсіпорын өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізіп, 247 кәсіпорын басшылары мен мамандары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексерген. Облыс кәсіпорындары бойынша 488 өндірістік кәсіпорын құрылып, қазіргі таңда жұмыстарын жалғастыруда. "Vizion Zero" тұжырымдамасын қолдау мақсатында 89 ұйым ресми сайтта "Компания" ретінде тіркелген.Количество показов: 9
Дата создания: 19.05.2026 07:09:13



















