Биыл күз маусымында мыңнан астам азамат әскери қызметке аттанды
Облыста күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық басталды. Биыл өңірден мыңнан астам жас азамат мерзімді әскери қызметке аттанбақ. Қыркүйек пен желтоқсан аралығында өтетін науқанға жауапты органдардың жұмысы арнайы жиында пысықталды. Жалпы ел бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы, әскери қызметтен босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтар шақырылатын болады.Биыл күз маусымында мыңнан астам жас азамат мерзімді әскери қызметке аттанады. Жиын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жастар сарайында өтті. Оған қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, медициналық комиссия төрағалары, әскери бөлімдердің өкілдері және жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде әскерге шақыруды ұйымдастыру, медициналық комиссиялардың жұмысы және науқанға жауапты барлық құрылымдардың өзара іс-қимылы қаралды. Жауапты бөлімдерге шақырылушыларды іріктеуді белгіленген мерзімде әрі жүйелі жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында өтеді. Президент Жарлығына сәйкес, кейінге қалдыру немесе әскери қызметтен босату құқығы жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Ақтөбелік сарбаздар Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады. Күзгі науқан барысында негізгі міндет азаматтарды сапалы медициналық тексеруден өткізу, заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және шақыру комиссияларының үйлесімді жұмысын жолға қою.
Количество показов: 9
Дата создания: 28.08.2026 09:03:15



















