Биыл білім саласында 23 нысан пайдалануға берілді
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бүгін соңғы 11 айды қорытындылады. Биыл бекітілген бюджет - 87,7 млрд. теңге. Бұл қаражат 87 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары және 37 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бөлінген. Аймақта құрылысы аяталып, ел игілігіне берілген нысандар бар. Ауыспалы жобалар да жоқ емес. Биыл облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бекітілген бюджеті - 87,7 млрд. теңге. Бұл қаражат 87 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары және 37 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бөлінген. Әлеуметтік нысандардың құрылысының аясында білім беру мекемелері, денсаулық сақтау орындарының құрылысы, спорт, мәдениет нысандары бар. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 3 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына 9,7 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 1 нысан пайдалануға беріліп, 2 нысан 2026 жылға ауыспалы жобаға өтті. Білім беру саласында 45 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына 35 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 23 нысан пайдалануға берілген, жыл соңына дейін 14 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. 8 нысанның құрылыс жұмыстары ауыспалы. Барлық аталған жобалар облысымыздың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті басқармадағылар. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 87 нысаннан бүгінгі күнге - 37 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін - 34 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. 2026 жылға - 16 нысан ауыспалы болып қалып отыр.Количество показов: 10
Дата создания: 19.12.2025 09:14:49



















