Биыл аймақтағы құрылыс-монтаж жұмыстарына бюджеттен 70 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған
Биыл аймақтағы құрылысына 70 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Қаржы 81 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары мен 44 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсаламақ. 30 млрд. теңгеге жуығы облыстық бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев мәлімдеді. Ал, өңірде биыл 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жеке тұрғын үй көлемі - 639 мың шаршы метр. Ал, көп пәтерлі тұрғын үй – 361 мың ш.м. құрайды. Жыл басынан сәуірге дейін аймақта 242,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған. Ал, шаһарда 2023 жылы басталған 9 несиелік тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады. Бұл жобаларға 2023-2024 жылдар аралығында 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жалпы ауданы 107 мың шаршы метрді құрайтын 1448 пәтер. Жоспар орындалса баспаналар Отбасы банкі арқылы табысталатын болады.Аймақта 81 құрылыс нысанының дені білім саласына қатысты. Мектеп, балабақша, спорт залдар мен жылу қазандықтарын салуға 36,7 млрд. теңге қарастырылған. 19 денсаулық сақтау нысаны салынады. Одан бөлек, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, төтенше жағдай салаларына қажетті нысандар бар.
Былтыр облыста құрылысы жүрген әлеуметтік 138 нысанның 81-і пайдалануға берілді. Соңғы 3 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда жоспар 2 есе артқан. Жыл соңына дейін білім беру саласында 44, денсаулық сақтау саласында 17 нысанды пайдалануға беріледі.
Количество показов: 87
Дата создания: 15.05.2025 06:39:51