Биыл аймақта өндіріс орынында 6 адам мерт болды
Биыл аймақта өндіріс орындарында болған төтенше жағдайлар саны 24 пайызға артқан. Бұл өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш. Осыған орай, бүгін Ақтөбе ІТ хабында тау-кен металлургия салалық кәсіподағының семинар-тренингі өтті. Аймақтағы кәсіпорын басшылары еңбек инспекторларымен бірге қауіпсіздік мәселелерін және өндірістік жарақаттану өсімінің себептерін талқылады. Тау-кен өндірісі - ең қауіпті салалардың бірі. Тәуекелі көп жұмыс орыны. Тек биылдың өзінде облысымызда өндіріс орындарында 83 жұмысшы зардап шегіп, оның алтауы қаза тапты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Бүгін Ақтөбе ІТ хабында тау-кен металлургия салалық кәсіподағының семинар-тренингі өтті. Аймақтағы кәсіпорын басшылары еңбек инспекторларымен бірге қауіпсіздік мәселелерін және өндірістік жарақаттану өсімінің себептерін талқылады. Неге жазатайым оқиғалар саны көбейіп жатқаны және еңбекті қорғау тәсілдерін қалай өзгерту қажеттігі сөз болды. Өңірде 967 өндірістік нысан бар. Жүздеген мың адам жұмыс істейді. Әсіресе қауіп-қатері жоғары салаларда әрбір қызметкер өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Сондықтан мұндай кездесулерде мамандар кәсіпорындарда болған нақты жағдайларды егжей-тегжейлі талдап, практикалық шешімдер ұсынады. Ауыспалы семинар-тренингке өңірдегі ірі зауыттардың да кәсіподақ өкілдері қатысты. Одан бөлек, өзге өңірлерден де қатысушылар келді. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, қауіпсіздік мәдениетін арттыру ең алдымен оқытудан және ережелерді қатаң сақтаудан басталады. Ал тұрақты семинарлар мен кәсіподақ, жұмыс берушілер және инспекция арасындағы ашық диалог жұмыс орындарын қауіпсіз етіп, көңіл алаңдатқан статистиканы төмендетуге көмектеседі.Количество показов: 8
Дата создания: 12.12.2025 08:07:41



















