Биыл аймақта 27 ауылға көгілдір отын тартылады
Биыл аймақта 27 ауылға көгілдір отын тартылады. Облыстағы газдандыру жұмыстары бойынша 18 жобаны жүзеге асыру көзделген. Қатарында ауыспалы және жаңа жобалар бар. Құны - 9,8 млрд. теңге. Сондай-ақ, "QazaqGaz Aimaq" АҚ өндірістік филиалының инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Мұғалжар ауданы Қожасай ауылына газ тарту жұмыстар жуырда аяқталады. Елдімекенде 200-ден астам тұрғын бар. Ал, өңіріміздің газбен жабдықтау көрсеткіші республика бойынша 6 орында. Ауыз сумен 319 ауылдың 290-нан көбі жабдықталған. Жыл соңына дейін 900 мыінан астам адамды ауыз сумен қамту жоспарланған. 301 елдімекенге су жүргізіледі. Аймақта жылыту маусымына кәсіпорындардың және жергілікті бюджет есебінен коммуналдық инфрақұрылым нысандарын дайындауға 19 млрд теңге қарастырылған. 1 млрд теңгесі нормативті отын қорын құруға жұмсалады. Өңірде 2 548 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың 465-іне күрделі жөндеу қажет. 31 үй апатты деп танылған. Басқарма өкілдерінің сөзінше, 2025-2027 жылдары 1,3 млрд. теңгеге 8 жобаны ақтап, 10 жобаны бастау жоспарланған.Количество показов: 22
Дата создания: 10.07.2025 07:35:28