Биыл аймақта 10 миллионға жуық көшет отырғызылады
«Таза Қазақстан - таза болашақ» атты облыстық экофестиваль №80 орта мектепте өтті. Оқушылар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобалары мен тың идеяларын ұсынды. 1500-ге жуық қатысушы бір алаңда бірікті. Экофорумда балабақша бүлдіршіндері, мектеп оқушылары және колледж студенттері ұсынған жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, жоба аясында 50-ге жуық жұмыс қаралған. Жас суретшілер туындылары арқылы экологиялық мәселелерді бейнелеген. Іс-шараға қатысқан өңір басшысы Асхат Шахаров табиғатты қорғау жауапкершілігі әр адамнан басталатынын атап өтті. Қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында арнайы байқаулар өткізілген. Таза Қазақстан" жобасына қатысты арнайы гимн жазылыпты. Табиғатты аялауға дәріптейтін көріністер қойылып, көшеттер отырғызылды. Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, фестиваль жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Жоба барысында олар теориялық және практикалық білім қалыптастырып, табиғатты қорғауға, өсімдіктер өсіріп, суды үнемдеуге дағдыланды. Айта кетейік, өңірде "Мектеп орманшылығы" жобасы іске асырылып жатыр. 2025 жылы облыс бойынша орман шаруашылығы мекемелерінде мектеп оқушыларымен бірге 2040 түп ағаш отырғызылған. Қала және аудандар бойынша 630 адам қатысқан. Алдағы уақытта тағы 1100 терек, шаған ағашын отырғызу көзделген. Ал облыс аумағында 2021-2027 жылдар аралығында 64,7 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Былтыр көшеттерден 18,6 миллионы егілсе, биыл тағы 10 миллионға жуық ағашты жасыл желек отырғызу мақсат етілген.Количество показов: 31
Дата создания: 18.04.2026 00:22:52



















