Биыл 806,4 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары себіледі
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары қыста қардың қалың жауғанының арқасында топырақ жақсы ылғалданғанын айтады. Бұл егін жинауға қолайлы екенін атап өтті. Бүгінгі таңда облыста көктемгі егіс жұмыстары басталды. Ол үшін егіс жұмыстарын 806,4 мың га алқапта жүргізу жоспарланып отыр. Биыл өсімдік шаруашылығын қолдауға ерекше назар аударылмақ. Ол үшін аталмыш шаруашылықты субсидиялауға 1,2 млрд.теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ, шаруаларға 700 млрд теңге көлемінде 5 пайызбен жеңілдетілген несие бөлініп отыр. Жауаптылар ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 99% құрайды, дейді. Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге, жер өңдейтін және тұқым сепкіш техникаларын жұмылдыру жоспарлануда. Сондай-ақ, егіс жұмыстарын жүргізуге нарықтық бағадан 15 пайызға төмен 6,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген.Қазір көктемгі далалық жұмыстары басталып кеткен. 254 мың гектарда ылғал жабу, 1,1 мың гектарда көктемгі жер жырту және 14,2 мың гектарда жазғы егіс жұмыстары жүргізілді. Жауаптылар көктемгі дала жұмыстары кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады, деп сендірді.
Количество показов: 142
Дата создания: 03.05.2025 12:23:31



















