Биыл 3 мың жас «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатарында еңбек етеді
"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс отрядтарының ХХII еңбек маусымы биыл ақпанда басталады. 3200 жас жұмыспен қамтылады. Оның ішінде 2000 жас көгалдандыру бағыты бойынша жұмыс істесе, 1200 жас абаттандыру және студенттік құрылыс отрядтары құрамында еңбек етеді. Облыс әкімінің қолдауымен жұмыссыз жастар жыл бойы жұмыспен қамтылатын болады. Оған арнайы келісімшартта бекітілген. Бұл жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға арналған маңызды қадам дейді, жауаптылар. Мамандар жастардың еңбегі үшін алатын ақының жыл санап көбейіп келе жатқанын айтады. Әр бағыт бойынша еңбекақы әртүрлі. Шамамен 155 мың мен 190 мың аралығы. Жасыл елде 16 жастан 35 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, студенттер және жұмыссыз жастар, NEET санатындағы жастар еңбек ете алады. Жұмысқа тартылатын жастардың 1800-ден астамы облыс орталығында, ал 1400-ден көбі аудандарда еңбек ететін болады. Жоба жастарды еңбекке баулып әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде алда жүзден астам сенбілік ұйымдастырылады. Бұл бастама жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді, дейді ұйымдастырушылар.Количество показов: 7
Дата создания: 04.03.2026 09:01:51



















