Бейбітшілік даңғылындағы сквер жұмыстары аяқталуға жақын
Аумақты көгалдандыру үшін 37 метр тереңдікте ұңғыма қазылып, автоматты суару жүйесі жүргізілген. Бұл гүлдер мен жасыл желектерді тұрақты күтіп-баптауға мүмкіндік береді. Жаңа сквер аумағында 2 мың шаршы метрден астам жерге тас төсеуіш төселіп, жарық шамдары мен орындықтар орнатылады. Сонымен қатар бұрын егілген ағаштарды сақтау және жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Қала әкімінің бастамасымен биыл 26 скверді жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Ал Бейбітшілік даңғылына жауапты жоба жетекшісінің айтуынша, былтыр "Керуен сити" сауда-ойын сауық орталығының жанынан жаңа сквер салғаннан соң, осы Бейбітшілік даңғылы бойындағы аталған гүлзарды салуға ұсыныс жасаған.
Количество показов: 19
Дата создания: 03.06.2026 07:42:51



















