Бейбітшілік даңғылында көп қатарлы үйдің балкондары өртенді
Кеше кешкілік Тұрғын қалашық ауданында бірнеше балкон өртенді. Қызыл жалын Бейбітшілік даңғылы №1-үйдің алдымен 3-қабатында тұтанып, кейін 4,5, және 6-қабаттарға жайылған. Өрттің салдарынан 44 жастағы әйел түтіннен уланып, облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Оқиға орнынан 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт себебі анықталуда.
Қазір өрттің себебін анықтау үшін зертханалық талдаулар тағайындалған. Облыстың төтенше жағдайлар департаменті ақтөбеліктерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді. Өрт шыға қалса дереу "101" немесе "112" нөмірлеріне хабарлау керек.
Количество показов: 895
Дата создания: 07.06.2022 18:36:24
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>