Бейбітшілік даңғылы бойындағы шағын саябақтың құрылыс жұмыстары аяқталды
Бейбітшілік даңғылы бойында келбеті жаңарған шағын саябақ пайдалануға берілді. Байырғы қоғамдық орын қалыпқа келтіріліп, айналасы ажарлана түскен. Жаяу жүргіншілер жолы төселіп, келушілерге ыңғайлы жағдай жасалған. Орнатылған орындықтарда тұрғындар аялдап, демалады. Бұл жерде жарық шамдары орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліпті. Аумақтың сәні кіріп, тұрғындарға тынығуға қолайлы орта қалыптасқан. Жобаны "Кагам" серіктестігі тамыз айында қолға алып, екі айға жуық уақытта аяқтаған. Қаланың көркін арттырып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруда қоғамдық орындарды абаттандырудың маңызы зор. Бейбітшілік даңғылы бойындағы жаңарған саябақ та осындай демалыс орындарының бірі. Жаңарған аумақ тұрғындардың назарынан тыс қалмады. Олар аумақтың көркейіп, бұрынғыдан әлдеқайда жайлы әрі тартымды бола түскенін айтады. Биыл қалалық кәсіпкерлердің демеушілігімен шаһарда 26 қоғамдық орын абаттандырылған. Қала әкімі Азамат Бекет бейбітшілік даңғылындағы саябақ құрылысы барысында қаланың тарихи келбетін сақтауды жөн көргендерін айтады. Себебі бұл қаланың ескі аумақатырының бірі саналады.Количество показов: 11
Дата создания: 13.10.2026 09:22:53



















